Harmonia.kz
KZ

Harmonia.kz × 10 қазан, Психикалық денсаулық күні

Сен бәріне көмектесесің. Ал саған кім көмектеседі?

Сен бәріне өмір бойы арқа сүйер жансың. Ал саған ше, кім болады?

«Жұрт не дейді?» деп ойлағанша, өзіңнің не сезетініңді ойла.

Психологқа бір сұрақ

Сізді не мазалайтынын сұраңыз — Harmonia.kz психологы бірнеше сағат ішінде тегін жауап береді

Сұрақты тегін қою
  • Психолог жауап бередіСұрағыңызды Harmonia.kz маманы оқиды. Жауапты психолог жазады: бот немесе ЖИ емес
  • ҚұпияСұрағыңызды тек сізге жауап беретін психолог көреді
  • ТегінБір сұрақ және 4 сағат ішінде бір жазбаша жауап

0 / 500 таңба

Сұрақтар мен жауаптар

Кім жауап береді?

Harmonia.kz командасының психологы. Сізге білікті маман жауап береді, бот немесе ЖИ емес.

Бұл қанша тұрады?

Тегін. Акция 2026 жылғы 8–14 қазан аралығында өтеді.

Кім қатыса алады?

Қазақстан Республикасында тұратын 18 жастан асқан тұлғалар үшін.

Қанша сұрақ қоюға болады?

Біреу. Психолог бір рет, жазбаша жауап береді. Акция аясында әрі қарай хат алмасу мүмкін емес. Тереңірек түсінгіңіз келсе, harmonia.kz сайтында психологты таңдап, сессияға жазылуға болады.

Жауап қашан және қалай келеді?

Өтінімдегі нөмірге WhatsApp арқылы, орта есеппен 4 сағат ішінде.

Бұл консультация ма?

Бұл жазбаша экспресс-талдау. Психолог жағдайға сырттан қарауға көмектесіп, неден бастауға болатынын айтады. Ол толыққанды консультацияны немесе терапияны алмастырмайды.

Менің сұрағымды кім көреді?

Тек сізге жауап беретін психолог. Барлық деректер Қазақстандағы серверлерде сақталады.

Не туралы сұрауға болады?

Сізді не мазалайтыны туралы: қарым-қатынас, мазасыздық, шаршау, жұмыс немесе шешім қабылдау қиынға соғып жатқан мәселелер. Сұрағыңыз сәйкес келетініне күмәндансаңыз да, бәрібір жазыңыз.